Балдыздардың үміті мен тілегі
Күн боп шығып дидарынан күледі.
Бүгін думан, көңіл шіркін түледі
Балдыз деген сыйлы әркез келеді.
Құдалардан ағыл-тегіл сыр еді —
Шежіреге ақ жыр болып кіреді.
«Балдыз — балдан шырын» деген бар,
Біздің ел қасиетті жырдың елі!
Думандатып таң атқанша шығыстан
Алтын қызым ұлдарыңмен бір ұшқан.
Құдалармен жүрегім менің ұғысқан,
Берекелі бола берсін ырыстан!