Бажалардың шаттығымен өтер күн,
Бір-біріне мадақ айтып, етпес мін.
Қуанады балалардың тойында,
Арқалайды бір-бірінің той жүгін.
Ақ жүрекпен тілек айтар ойдағы,
Бажалардың жүзі әркез жайдары.
Думан-тойдың қуанышын сезініп,
Көздерінде шаттық оты ойнады.
Қалдыратын жақсы әсермен бүгін із,
Құда, сіздің шаттық толы күніңіз.
Бажалардың әзілдері жарассын,
Әрқашан да аман-есен жүріңіз,
Ал бүгінде қуаныңыз, күліңіз.