Алғы сөз

Кеше ғана тарих қойнауына енген  ХХ  ғасырдың алапат дәуірінде өмір кешкен Көкше тарландарының бірі – Жанайдар Баймырзаұлы Мусин, бүкіл ғұмырынұлтының рухани мұрасын, мәңгілік құндылықтарын, мәдениеті мен әдебиетін байыту жолына арнаған  тұлға. Туған елдің тұғырына айнала білген Жанайдар Мусин өз заманында небір маңдайалды қоғам қайраткерлері мен ел басшыларының, аузы дуалы атақты ақын-жазушыларының алдында Көкшетау өлкесін таныта білген, оның қадір-қасиетін дарыта білген арда азаматқа айналғаны белгілі.

Ол өз шығармалары арқылы туған өлкесінің сақшысы бола білді.Білгір де сергек интеллектуал автор табиғат өмірінің алғашқы қадамдарының мәңгілік романтикасын кескіндейді. Туған жердің байырғы атауларын, қасиетті жерлерін баяндап жазумен қатар, мәселе ретінде көтере білді. Жазушы өктем ғасырдың аумалы-төкпелі  қилы кезеңінде ұлтқа таңған солақай саясатты қабылдамай, ата-бабасы ту тіккен, ғасырлар үні естілетін  тарихи жерлердің байырғы атауларын сақтап қалуды, қадірлеп ұстауды қаймықпай жаза білуі  қасиеттілік деп ойлаймын.

Көкшенің сұлу табиғаты жазушыны шығармаларынан кең орын алады. Солардың  бірегейі, бүгінгі таңда да маңызын жоймаған құнды еңбегі – «Жер  шоқтығы Көкшетау». Еңбекте туған жер тірлігінің ең терең, ең көкейкесті мәселелерінкөтерген.70-ші жылдардан бастап адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас тақырыбы дәстүрлі әдеби ағым ретінде қалыптасты. Ол тек адам мен табиғаттың арасындағы қарама-қайшылықты көрсетіп қана қоймай, адамгершілік сана, ұрпақтар байланысы, ауыл өмірі,  тарих пен тағдыр секілді көптеген мәселелерді қозғады.

Жанайдар Мусиннің табиғаттағы көркемдікті өте нәзік сезініп, шебер бейнелеп жаза білетіні табиғат көріністерін суреттейтін лирикалық туындыларынан айқын көруге болады. Ол кандай уақиғаны әңгімелесе де Көкшетаудың табиғатымен, мөлдір көлдерінің, тауының әсем көріністерімен байланыстырып, соған меңзей отырады. Кейде ол тауға, шыңға, көлге портрет, мінездеме  береді. Жанайдар Мусиннің жарқын, колоритті, ең бір шабытты, сезімнің жастығы мен кемеліне келген ақыл-ойдың асқақтығы бар шығармасы деп “Жер шоқтығы Көкшетау”  туындысын атауға болады. Қаламгер туған жердің сәнді көркін, Көкшенің тауы мен оның айнадай мөлдір көлдерінің керемет сұлулығын зор шеберлікпен аса көркем суреттейді. 

«Жер шоқтығы Көкшетау» шығармасында жазушының табиғатқа деген  қайшылықты көзқарасы бір-бірімен керемет көрініс табады: өткен мен бүгін, ұғым мен сезім,  реализм мен романтика арасындағы байланысты  жазады.Мысалы оның эпикалық стилінде  романтиктің трагедиялық  образдарын байқауға болады. Ақыл-ой мен сезім әлемін ұштастыра білген Жанайдар Мусин  өз шығармаларында шынайы әлемдісуреттегенде туған жерге деген өзінің  шексіз махаббатын көрсеткен және идеалды, қиялындағыәлемнің кескінінде ғаламат отты сезімін төге жазады. Бұл оның ерекшелегін және өзіндік жазу маңызын айқындайды.

Көл айдынында көп ұзамай қанаттары суылдап ұшып келіп, маңғаз қаздар қонды. Әне, айдын бетін қанаттарымен бірер сызып барып, жылжып жүзе жөнеледі. Ғайыптан пайда болғандай, қамыс қалтарысынан шыға келген қос аққу ұзын мойындарын паңдана иіп, көк ала үйректерге көз салмастан, орталарынан сызып өте берді.

Бұл — Аққу көлінің суреті. Шығармадан алынған осы бір шағын үзіндінің өзі оқырманға әсем пейзаж картинаны жайып салады.

Қалың бетеге мен майлы көде бусанған жермен бірге көктей өсіп, өлі шөптің үстін мақпалдай жұмсақ жасыл өскін жасыра бастаған. Қызғалдақтар алаудай құлпырып, сарғалдақтардан жер қайысатын.

Көкшенің сексен көлін қорғауды мақсат тұтқан жазушы Жанайдар Баймырзаұлы Мусин әр жерді осылай суреттейді. Табиғат құбылыстары Жанайдар Мусин прозасында күнделікті өмірмен, адамдардың күн-көрінісі, іс-әрекетімен және өз көңіл күйімен тығыз байланысты келетінін жазушының очерк, романдарынан айқын аңғарамыз.

Жанайдар Мусиннің шығармаларында кейіпкер арқылы ой қозғау, кейіпкер арқылы мінез бен жоғалып бара жатқан құндылықты көрсеткісі келгендігі байқалады. Жазушының кейіпкерге берген сипаттамасы және олардың портреттерін суреттеуі, іс-әрекеті, сөйлеген сөзі, қоршаған ортаға қатысы соны байқатады. Мысалға Қартпай қартты алуға болады. Кейіпкер Қартпай қарт  арқылы жазушы аллюзиялық диалогтар, мәтіндер келтірген. Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, қақтығыс күресі, қоршаған ортаға қатысы да жазушының тәсілге барғанын байқатады.

Бүгінде Жанайдар Баймырзаұлы Мусин есімімен аталатын  педагогикалық колледж өңіріміздегі білімді мамандар дайындайтын беделді білім ордасы. Колледж қаламгердің шығармаларын жүйелі түрде, үздіксіз насихаттап келеді. Білім ордасында өткізілетін іс-шаралар, Жанайдар Мусин оқулары, жазушының құрметіне арналған ғылыми-практикалық конференциялар соның айғағы.Колледжіміз ширек ғасырда білім саласындағы түрлі реформаларға өздерінің көзқарасын білдірді, қажеттісіне бейімделіп отырды. Колледждің білім саласындағы қызметінің ендігі негізгі мақсаты – қолданбалы бакалавриат жүйесіне көшу. Студентке кәсіптік білім беруде кредиттік, модульдік технологиялар арқылы құзыретті маман даярлаудың инновациялық жолдарын оқу-тәрбие процесіне енгізу. Осы бағытта қарқынды жұмыс жүргізіліп келеді.Білім берудің мақсатын, құрылымын, мазмұнын, әдістері мен құралдарын, оқу үдерісін ұйымдастырудың формасын мейлінше жаңартуды көздейтін колледж ұжымы 2015-2016 оқу жылының 23-25 мамырында институционалдық акредиттеуден өтті.  Шығармашылық – адам әрекетінің ең жоғары түрі, өзін — өзі дамытуының, өзін-өзі танытудың формасы. Институционалдық акредиттеу де біздің ұжымның өзін-өзі дамытуының бір көрінісі деуге толық негіз бар. Ал, биылғы оқу жылының 7-8 қарашасында мамандандырылған аккредттеуден өттік. Эксперттік топ колледж ұжымының жұмысына жоғары баға берді. Сонымен қатар колледж ұстаздары, студенттері Республикалық, аймақтық жарыстарда жүлделі орындар иеленіп жүр.Ұстазда сөйлеу мен ойлау тетігінің ділдік бірлігі ортақ көрініс бергенде ғана сапалы, білікті шәкірт тәрбиеленеді. Біздің білім берудегі түпкі мақсатымыз ана тілінің дүниетанымдық, тәрбиелік, әлеуметтік, этномәдени аспектілерін біртұтастыққа қамти отырып оқыту.

Қаламгердің тіл кестесінің барлық ерекшеліктері, бояулары, теңеу, басқа да суреттеулері  — бәрі табиғатқа  ақынша қарап, эстетикалық тұрғыдан баға беру талабына бағындырылған. Шынында да “Жер шоқтығы Көкшетау” шығармасындағы жазушының қолы жеткен ең басты табысы — табиғаттың сұлу көркін ерекше  шабытпен әсерлі суреттеуінде. Жанайдар Баймырзаұлының табиғат құбылыстарын, кейіпкерлерді, оқиғаларды  шебер байланыстыра білуі оның ойлаған идеясының сәтті жүзеге асқаны еді. Жазушы Жанайдар Мусиннің шығармалары реалистік стильде жазылған,  тілі бай, образды, бояуы көркем, оқырманға айқын сапалы туындылар. Қаламгердің шығармашылығы біздің мәдени мұрамызға тамаша туындылардың бірі болып кірді.

 

 

 

Нұртас Ахатұлы

Ж.Мусин атындағы колледж директоры,

Филология ғылымдарының кандидаты,

Қазақстан ПҒА корреспондент мүшесі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *