АЛАШОРДА ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ

 

Саяси қолдан ұйымдастырылған ашаршылық жылдарындағы Алашорда кемеңгерлерінің қайраткерлігі

Аштықтан құтқарпу үшін дәл қазір шұғыл

түрде шешуші шара қолданылмаса, онда

қазақ республикасы қазақсыз қалады.

Мұхтар Әуезов

 

Қазақ халқының басынан бүгінгі Тәуелсіздік алғанға дейін түрлі нәубет өтті. Көшпелі халықтың жиырма бірінші ғасырға жету-жетпеуінің өзі сұрақ болған кездер болды. Соғыс, хандық биліктің сұрғылт саясаты, тайпалық тартыс, жер мен жесір дауы тағы басқа мәселелер қазақ мемлекетінің аяқтан тұрып кетуіне, дамуына, нық қадам басып кетуіне кедергі келтіріп отырды. Бірақ ХХ ғасырдың басында халықтың шын мұқтажын көре білген, ойлы, кемеңгер тұлғалар бірінің соңынан бірі бой көрсете бастады. Олар «Алашорда» үкіметінің қайраткерлері еді. Европа мәдениетіне қанық, демократшыл, озық ойлы бір топ интеллигенцияның пайда болуы қылышынан қан тамған қызыл империяның үлкен қаупіне айналғаны сөзсіз. Дала халқының тез ес жия бастағанынан сезіктенген Ресей империясы халық ішінен жау іздеу, тайпалық көзқарастан көзін енді ашып жатқан халықты бір-біріне айдап салу, шен беріп алдау, ашаршылыққа ұрындыру пиғылын кезең-кезеңімен жүзеге асыра бастады. Алғашқы ашаршылық жылдары 1920-1921 жылдары басталып, екінші ашаршылық 1931-1932 жылдары болды. Ал қазақ зиялылары бүгінде «Үлкен террор» деп аталатын жазалау кезінде түгелге жуық жазықсыз оққа ұшты. Бүгінгі көзі қарақты азын-аулақ тарихшыларымыз қуғын-сүргін құрбандарына 1920-1950 жылдар аралығында қырғынға ұшыраған барлық қазақ азаматтарын енгізіпті. Дұрыс пікір деп ойлаймын. Ашаршылық пен «Алашорда» арасындағы байланысты байқамай өту мүмкін емес.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *