Ұластырып шаттыққа қуанышты күндерін.
Ілестіріп бақытқа думан сүйер дүрмегін.
Бабалары шежірелі тектен тарап өрбіген
Бір әулетке түсіп жатыр тағы, міне, бір келін.
Түсіп жатыр келін болып, ол да жақсы атаның,
Ұрпағынан тарайтұғын тәлім көрген бір қызы.
Қызымыздың жарық болсын жұлдызы,
Қуанышқа жиналды бір әулеттің ұл-қызы.
Той сәнімен дәл осылай күйге енді,
(Абысын аты) сыйлы қонақ бізге енді,
Той сәні боп көкте шалқып, қалықтап бір барады ән.
Жүректері шын сезіммен бірін-бірі қалаған.
Құдалардың бірге өмірі, әнге толы бұл кеші,
Құдалардың ортақ алар өмірдегі жүлдесі.
Жас отаудың сондықтан да шаңырағы асқақ боп,
Ақ отаудың берік болсын іргесі!