9 жасар Шоқанның сөйлеген сөзі

 

Шыңғыстың үйінде үлкен жиын болып, ел дауын шешуге ылғи би-болыстар жиналыпты. Сонда Тоқсан би ешкімге сөз бермей, сөйлей беріпті. Мұны ұнатпаған Қыпшақ руының Ізбасты деген биі : Тоқсан, Тоқсан деуші еді, томашадай-ақ екенсің ғой-депті. Томаша аталатын шымшық құс тұқымының ең кішкентайы екен. Тоқсан кішкене денелі де, Ізбасты ірі денелі кісі екен. Бұл сөзді ұнатпаған Тоқсан оның несін сөз деп айтып отырсың, Ізбасты томаша тоғыз жұмыртқалайды, біреуі ғана бұлбұл болады, томаша болсам, бұлбұлмын деген екен. Сонда Қыпшақтың атақты биінің бірі Наурызбай ашуға тығыла бастаған Ізбастыны сөйлетпей, тоқтатыпты. Бұл Шыңғыстың Кереймен кикілжіңге түсіп жүрген кезі екен.Шоқан бала  болса да мұны жақсы біледі. Айтыста Тоқсанның Ізбастыны жеңіп кеткенін көріп, Шоқан оны мұқатпақ болып: Би, сен бұлбұл болдың, сонда сенің арғы түбің тарышы атанатын себебі не?-депті. Олай дейтіні Керейдің тарышы аталатын бір атасы Тоқсан атаның ұрпағы тары егісін күтетін күңнен некесіз туыпты-мыс дегенін меңзегені екен. Бала Шоқан сол кемшілігін бетіне басатынын сезе қойған Тоқсан намыстанып, оның несін айтасың, балам, азар болса, құлдан туған шығармыз. Ол да адам баласы. Сен арқар аталатын аңнан тудың ғой депті. Ұраны арқар хан тұқымының арғы тегі арқардан екен деген де қауесет бар. Шоқан Тоқсанға іле жауап қайырып, оның несін бетіме басасың Арқар адал аң,Керейдің атасы кер жорға ит деген сөз бар емес пе деген екен Шоқан.

Бұл сөзді өршіткісі келмеген Шыңғыс кәрі кісімен салғыласпа деп қуып шығыпты. Сонда жұрт сөзі қалай кесек еді мына баланың, нағашысы Шорман, он үш жасында билік айтып отыр депті. Мына баланың осы жасынан ақ билік исі аңқып тұр ғой деп тараған екен.                   

«Жұлдыз» журналынан жазып алған Секен.  16.03.67ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *