Өткендерге

 

Дүние деген жалған бар,

Артында қалған мұра бар.

Алтыннан қымбат асыл сөз,

Керегін таңдап алған бар.

 

Сөздерін айтсаң жақсының,

Аруағы бір аунап қалады.

Шығармай естен жаңғыртқан,

Ұрпағы сауап алады.

 

Ұрпаққа қалған жақсыдан,

Таусылмас байлық мирасы.

Сенде бір мүше алқаға,

Сөз маржанын құрашы.

 

Еске алсаң ескіні,

Көңілдің назын басады.

Парасаттап байқасаң,

Жаңаға жол ашады.

 

Көңілге дән болып себілген,

Көкірекке нәр болып егілген.

Құлаққа келер ол дағы,

Тілмен түйіп өрілген.

 

Дүниеден өткен жақсының,

Сөздері атын шығарған.

Қазына көзі халықта,

Кейінгі ұрпақ үлгі алған.

 

Әр ұлттың өз көсемі,

Намыс қорғар көсемі.

Аялаған ардақтап,

Ата мұра мекені.

 

Әнші, күйші, жазушы,

Ақын-шешен бәрісі.

Елдің атын шығарған,

Саңлақтар өткен дәруші.

 

Жақсыны жақтап  бағалап,

Сөздерін естіп жағалап.

Еске алайық біз дағы,

Ел жақсысын ағалап.

 

Ұрпақтардың парызы,

Өткендерің арызы.

Есіне алып ескерсе,

Өтеледі қарызы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *