Өмірдің мысал етсек саяхатын,
Құлақ сал мына сөзге жамағатым.
Мүпмин боп біз анадан туғаннан соң,
Тілейік Пайғамбардың шапағатын.
Дүние аптын сарай жалған екен,
Әркімді аттандырып қалған екен.
Бастауы Адам-ата, Хауа анадан,
Қойны қара жердің болған мекен.
Адамзат көшетұғын керуен екен
Дүние аз ғана күн серуен екен.
Өмірді жалғайтүғын ұрпақ келіп,
Ризықты Алла шашқан теріп жеген.
Өмірде талпыныс бар заман дейді,
Дүниені он сегіз мың ғалам дейді.
Өмірге мейман болып келген болсақ,
Таза өткіз сол өмірді адам дейді.
Кәрілікдауасыз дерт келетұғын,
Пендесі кұтылаалмас көнетұғын.
Артында үрпақ қалса тәубе келтір,
Пендесі крш айтысып өтетұғын.
Молланың құлақ сапсақ шариғатын,
Адамның соған бұрсақ табиғатын.
Естілер естерінен шығармайды,
Көкірекке адалдықпен нұр құятын.
Өмірдің көп ермейік ағымына,
Тұрлаусыз қолға ұстатпас сағымына.
Әр сөздің астарына қарап көрші,
Көкірекке нұр құлаққа, жыр жағымына.
Өлгендер екі айналып келмейтұғын,
Әркімді болек-бөлекжерлейтұғын,
Қойнына қаражердің барамыз ғой
Ондада періштелер тергейтұғын.
«Фәни»,- деп, бұл дүниені жалған дейді
«Бақи»,- деп, мәңгі бақи қалған дейді.
Пендесі екі дүние кдмын ойла,
Адамда таусылмайтын арман дейді.
Сауап жи, о дүниеге ақталатын,
Ол сауап теріс жолдан сақтанатын.
Адамда мейірім-рақым қайыр болсын,
Көкірекке ғибадат боп сақтанатын.
Әркімге бір келетін ақыр заман,
Кәрілік жақындатар соған таман.
Жақсылығың ғибадат болып табылады,
Адамның қарамдықган жүрегі аман.
Жаратқан бір тәңірдің пендесіміз,
Өмірден бір өткен соң келмесіміз.
Өтейік қарғыс алмай, алғыс алып,
Махшарда ашық болар келбетіміз.
Өмір бар баянсыз ол өтетұғын,
Тағдыр бар бізді қуып жететүғын.
Қазынаңыз қаншадақгы болсадағы,
Өлшеу бар дәм тұзымыз бітетұғын.
Дүниеге келген адам қонақдейді,
Өмірдің баяны жоқ шолақ дейді,
Өмірде аз ғана күн саяхат бар,
Екі дүние жолына жарат дейді.
Алаштың ала жібін аттамаңыз,
Ғайбаттап жазықсызды даттамаңыз.
Өмірдің байқап тұрсаң жолы бұйраң,
Жүрекке қарамдықжол сақтамаңыз.
Дүниебаян жоқ өтетұғын,
Пендесі арман қылып кететұғын.
Пенде бар жер үстіне сыйыспайтын,
Жер асты талассыз-ақ жететұғын.
Нәпсі бар ол адамды бұзатұғын,
Адамды теріс жолға бұратұғын.
Нәпсінің жетегіне еріп кетсең,
Сауапсыз ғибадаттан шығатұғын.
Бай болсақ масаттанып тасымайық,
Кедей болсақ жоқпыз деп жасымайық
Алланың бергеніне қанағат тәубе қылып,
Отбасын адалдықпен асырайық
Тағдыр бар жас, кәрі деп таңдамайды,
Пендесі ерте кешін андамайды.
Келген жан дүниеге қуанышпен,
Өтерде болатұғын арты қайғы.
Ыстық-ау туған жердей жастық шағын,
Өткен кұн ойлап тұрсаң, ол бір сағым.
Кәрілік келіп көңілді суытады,
Көзіңе елестетіп жер құшағын.
Жастықта желдей ескен көңіліміз,
Баянсыз болған, шіркін, өміріміз.
Фәни дүние фәндэсін өткізеді,
Мәңгілік бақи ғана сеніміміз.
Кейбіреу өзі туған тілден безген,
Басқаны мадақтаумен көңілі өскен.
Сырты қазақ іші орыс толып жатыр
Жел көңіл, надандықтың уын езген.
Ғауратың бұл заманда айна болды,
Теледидар ғылымнан пайда болды.
Шындықпенен адалдық жеңіліп тұр,
Харамдықпен адалдықпайдаболды.
Күнәнің бастамасы осыларда,
Қарасат майданында тосыларда.
Дүниені онды-солды былғағандар,
Басыңа тілеп алған соры болды.
Тәңірімбізді тексерер,
Ақ қарамыз екшелер.
Алданбайық біз жалғанға,
Махшар күні көз көрер.
Фани дүние жалғансың,
Әркімнен кейін қалғансың.
Баяның жоқ түрақты,
Таусылмас, шіркіін, армансың
Адамды нәпсі жетектеп,
Пайданы жияр етектеп.
Опасыздығын оның білсе де,
Бір айтпайды жетет деп.
Өмірге келсең, көру бар,
Жер үстінде өну бар.
Дауасыз дерт кәрілік,
Оған да пенде көну бар.
Шариғат сөзіне сену бар,
Өлшеулі риыздық теру бар.
Алладан ахуал келгенде,
Пендесіне өлу бар.
4.11.2004 жыл