Өз немерелеріме айтқан сөздерім

 

Атам маған айтатын,

Адамға керек ақыл деп.

Ұстазды тыңдау мақұл деп,

Өкпе бауыр жүрегің.

 

Әке мен шеше жақын деп.

Ата мен апа қорғаның,

Сен ұшқан ұя орданың,

Ақылды болып өссін деп.

 

Риза менің болғаным.

Тазалықты сақтасаң

Денсаулықтың кепілі,

Тәкаппар болма әр неге,

Өмірге тиер кесірі,

Ұқыпты болсаң ісіне,

Үлгі айтарсың кісіге.

 

Керім кербез жалқауға,

Сенбе деп қара күшіне,

Адамға дұшпан нәпсі деп,

Ермеген оған жақсы деп.

 

Ұшқалақ мінез, жел көңіл,

Ақылы онын тапшы деп.

Парасатты адамнан,

Ұлағатты сөз үйрен,

 

Қазына көзі халықта,

Деймін саған немерем.

Бір сөз айтсам немерем

Мені сөгіп даттама,

 

Адал болып тірлікте

Шариғатты аттама.

Балалық шағың өмірде

Сәбилік өмір бал-бөбек.

 

Әке мен шеше қамқор боп,

Ұрпағым саған сенем мен.    

Секен шешен                                                          

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *