«Жақсылар өтсе өмірден,
Сөзін айтып жүрерміз.
Өмір де сырлас құрбымен,
Әзіл айтып күлерміз.
Жақсының атын атасаң,
Аруағы бір аунап қалады.
Сөздерін айтсаң жаңғыртып,
Саған да сауап болады.
Дарындай болған бабалар,
Сөздерінде сана бар.
Болашақты болжап сөйлеген,
Тарихта қалған даналар.
Өзі өтсе де өмірден,
Сөзі өлмейтін даналар.
Қалтырған ізі мәңгілік
Кейінгі ұрпақ бағалар.
Секен шешен