Әріп ақын ауырып, хал үстінде жатқанда Көкпай деген өзімен замандас айтысып жүретін ақын келіп, көңілін сұрайды.
Халыңды келіп едім білейін деп
Бір ауыз қалжың айтып, күлейін деп.
Жиекең қатем болса кешіре көр
Ақиретке жатырсың ба жүрейін деп.
Сонда Әріп қасындағыларға басымды көтер деп сүйеніп отырып, Көкпай сөзіне жауап береді.
Халімді біле келген Көкпаймысың,
Өліп қалсам, артымнан жоқтаймысың?
Кешпесем айтқаныңды Көкпай сенің
Өлген соң сүйегімді соттаймысың.
Өлмейтін ұзақ өмір сен –ақ жаса,
Өлсең де қияметке соқпаймысың.
Қалдырдым дүниенің бәрін саған
Осымен көтіңді қысып тоқтаймысың.-деген екен.