Әз-Жәнібек

Әз Жәнібек хан халқын жиып: -Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады. Соны кім табады?-депті. Жиналған халық көп дағдарыпты. Үш арсыз: ұйқы арсыз, күлкі арсыз , тамақ арсыз. Үш ғайып: қонақ ғайып, несіп ғайып, ажал ғайып деп шешіпті. Бірақ үш жетімді ешкім шеше алмапты. Сонда Әз Жәнібек хан: -Елден келмеген кім қалды?-деп сұрапты. Келмеген Қарабас шешен екен. Әз-Жәнібек Қарабасты шақыртып алып, әлгі сөзінің шешуін сұрапты. Сонда Қарабас жетім үшеу емес, бесеу еді ғой депті. Олар:

Оты жоқ жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Елінен ауған ер жетім,

Тыңдаушысыз сөз жетім,

Іздеушісі жоқ қыз жетім-депті.

«Жұлдыз» 13.12.1965ж

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *