Құдаға батам

 

 

Мыңжылдық құдай қосқан құдаларым,

«Әмин» деп дәмге бата сұрағаның.

Ризығын шаңырағыңыздан ортаймасын,

Ордаңа тілекті сөз құрағаным.

Кең болсын дастарханың мейманыңа,

Береке құт дарысын жиғаныңа.

Ұрпағың өсіп-өніп көркейе бер,

Нәпсіні теріс жолдан тыйғаныңа.

Той думан болып тұрсын ордаңызда,

Үлкен қыз өсіп-өнсін ортаңызда.

Ағайын ел-жұртыңыз қадірлесін,

Алланың нұры жаусын ордаңызға.

Келіннің босағасы берік болсын,

Отауы ауылыңа көрік болсын.

Жақсы сөз әрқашанда жарым ырыс,

Махшарлық бір-біріне серік болсын.

Құданың көңілі де жайлы болсын,

Қазаны құдағидың майлы болсын.

Бірге өскен жастайыңнан қос бәйтерек,

Қызықпен қуанышқа көңілің толсын.

Ағайын ел жұртымыз аман болсын,

Бірлікпен ынтымақшыл отан болсын.

Бозторғай қой үстіне жұмыртқалар,

Бейбітті ашық аспан заман болсын.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *