Құдаларға арналған бата

     

 

Ассалаумагалейкөм кұдаларым,

Құрметтеп дәмге бата сұрағаның.

Алланың жазуымен кұда болдық,

Ақ тілек баталы сөз кұрағаным.

 

Бұл кұрметті Алла жазсын ұзағынан

Жастардың бағы жансын шырағынан.

Ұйтқысы от басында берік болып,

Түтіні түзу ұшсын тұрағынан.

 

Жастардың тойын тойлап қызықтайық,

Үлгі мен өнегені ұмытпайық.

Көрінер алғашқыдабәрі жақсы,

Көңілді сол жақсыдан суытпайық.

 

Жастардың махаббаты берік болсын,

Ақылға парасаты серік болсын.

Сыйласқан кұдалар мен құдағилар,

Үлгі мен өнегеге көрікболсын.

 

Дәміңіз ортаймасын шараңыздан,

Құрмет көр ұлменен қыз балаңыздан.

Келініңіз инабатты, ізгі болсын,

Сыйластық үзілмесін арамыздан.

 

Өткенге айтылады дұға сәлем

Ешкімге баянды емес мынау әлем,

Аруағың дұғаңызға бір аунасын,

Сауабы таусылмасын сізге деген.

 

Отбасы аман болсын артындағы,

Бата мен тілек айту салтындағы.

Дәм беріп меймандарды кұрмет етсең,

Шараңыз ортаймасын қалпындағы.

 

Өткенді дұғаменен тербетіңіз,

Мақшарда ашық болар келбетіңіз.

Өлі риза болғанда сізге сауап,

Мейманның батасын ап ер жетіңіз.

 

Ұрпағың өсіп-өнсін жанұяда,

Ақ тілек біз айтайық жарияда.

Қосағың кұдай қосқан аман болсын,

Айтатын дуалы сөз қария да.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *