Қыпшақ Байсерке деген кісі қартайған кезінде Саржан деген замандасы келгенде айтқаны

 

Он жастағы жасым-ай, ойнақтаған басым-ай,

20-ағы жасым-ай, жиынға кірген басым-ай,

30-дағы жасым-ай, қылыш шапқан басым-ай,

40-тағы жасым-ай, орда болған басым-ай,

50-дегі жасым-ай, ел билеген басым-ай,

60-тағы жасым-ай, бөрі болған басым-ай

70-тегі жасым-ай, жер таянған басым-ай,

80-дегі жасым-ай, сергелдең болған басым-ай

80 келді бүйірден, қалдырды ғой үйірден.

Бала тілді алмайды

Тоқал төсек салмайды

Амансың ба, Саржан-ай-депті замандасына.    

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *