Байскерке бір үйге келіп, шай ішіпті. Шай жасағанда қанты, майы жоқ. Нан ғана болса керек. Сонда Байсерке:
Көңіл дос болғанда, сіз қарындас
Құдайым әр пәледен қылсын қағас.
Қанты менен майы жоқ мына шайың
Жау тонаған кісідей жап-жалаңаш-депті . Сонда әлгі әйел қант пен майды ана жерге қойып едім, сізден осы сөзді естиін деп депті.