Өмірің болса күн жетер,
Уағдасыз болса сөз бекер.
Жар басына қонбашы,
Дауыл болса үй кетер.
Жат жерде жалғыз жүрмеңіз
Жазатайым бас кетер.
***
Тағы бір сөзінде
Далада атым жүрмесе,
Жолсыздықтан көремін.
Қатарға басым енбесе,
Малсыздықтан көремін.
Жаманның қолы тисе жағама,
Жалғыздықтан көремін.