Баянауылдан шыққан Қопа деген шешен бірде Саққұлақ бидің үйіне бара қалыпты. Қопа есіктен кіре бергенде Саққұлақ тоқтаптып, бір ауыз нақыл сөз айт дейді. Сонда:
Сұрасаң сөзді Қопадан
Базарлы жерде тартынбан.
Миуалы жеміс бәйтерек
Бұтағы бұлтқа шарпылған.
Керегің болса сұрап қал
Тірі күнде бар тұрған.
Қадірін білмей айрылма,
Қолыңдағы алтыннан-деген екен. Жөн-ақ –дейді Саққұлақ. Енді бір сауалға жауап берші дейді. Атыңды қалай Қопа деп қойған. Еліңде ұры көп болған соң паналасын деген бе, қалай?-дейді. Сонда Қопа менің Қопа екенім рас. Бірақ Қопаға паналаймын дегендерді әр түрлі саққұлақ иттер үркіте береді деген екен.