Ақыл мен кеңес саяхат,
Көңілде аймен оятат.
Миға салып қорытып,
Жүрек толқын таратат.
Ақылдың мініп кемесін,
Шайқатып өтті демесін.
Ғибадатпен сауап жый,
Бахидың ойлап елесін.
Дүниеге келсең кетесің,
Әрбір сыннан өтесің.
Қиянат қылма басқаға,
Тапқандай болма төтесін.
Нәпсіге еріп алданба,
Әрбір жол бар жалғанда.
Мақшарда сұрау көп дейді,
Не айтасың барғанда.
Байсалды мінез адамға,
Ақылға қазық демесін.
Сабырлық түбі сары алтын,
Әй кәпір сені демесін.
Дүние қуып байлыққа.
Асам деме басқадан.
Өлшеулі дәмің біткенде,
Аса алмайсың бір табан.
Әр түрлі мінез адамда,
Алладан алған үлесің.
Адал еңбек маңдай тер,
Өмір деген күресің.
Алланың біліп барлығын,
Пайғамбардың хақтығын.
Көрсетіп бақ ісіңмен,
Жүрегіңнің ақтығын.
Дүние жалған тарлығын,
Адамда нәпсі барлығын.
Ақылға салып бағала,
Білгенше айтқан бар шыным.
28.06.1997ж