Асан қайғы айтқандай қилы заман,
Сол айтқаны келіп тұр бізге таман.
Ұл-қызың орысқа бейімдеген,
Байқасаң көрініп тұр заманадан.
Сөздері Майқы бидің талпынып тұр,
Жігітке қыздар өзі артылып тұр.
Ақыры бұл заманның жақын ба екен,
Молдалардың шариғаты сарқылып тұр.
Халықтың қанағаты жойылып тұр,
Бар арманы баюға қойылып тұр.
Алладан зауал бер деп ойламайды,
Уақытша харамдыққа тойынып жүр.
Өлгені шариғатты мойындап жүр,
Тірісі кісі еңбегін қойындап жүр.
Ойлама жала беріп өтемін деп,
Махшарда тамыққа айдап сойылдап тұр.
Ібіліс бұл заманда арақ болды,
Әр әйелді дуалап қонақ болды.
Өмірді бір-бірімен айырып жүр,
Ақыры отбасына дозақ болды.
Мода деген бұл заманда жаңғырып тұр,
Теледидар көрсетсе сән қылып тұр.
Әр кімге құйрығынан бір ұстатып,
Ақылды жөн таба алмай қаңғырып тұр.
Айыру қиын болды ұл мен қызды,
Шаш пен киім ауысқан жүгенсізді.
Бәрін бірдей айтуға аузым бармас,
Әр жерді осындайлар көзге түсті.
Әуреті әйелдердің ашылып тұр,
Көз пердесі құрылмай шашылып тұр.
Махаббат бұл заманда ұшпалы боп,
Інкәрлік баянсыз боп басылып тұр.
Арақ деген ібіліс кесір болды,
Отбасы шетінеп жесір толды.
Бөбектер жаутаңдаған тірім жетім,
Құралмас әлі келіп екі торды.
Дамудың бұдан бір жолы ма екен,
Әуестік ата салттың соры ма екен.
Өнерді үйрен дағы жирен деген,
Ақыл сөз сені одан қори ма екен.
Оқуда бәсекеге айналып тұр,
Қара жоқ бәрі төре сайланып тұр.
Талапсызға алланың нұры жаумас,
Қалтада дипломы жәй қалып тұр.
Осылай өтіп жатыр заманымыз.
Қайран боп таусылып тұр амалымыз,
Алла тәуфик бермесе ақыл қонбас,
Ізетсіз боп о дүниеге барарымыз.
Өтірік заманға сай құрал болды,
Жолына шариғаттың тұман болды.
Ұл арсыз, қыз ұятсыз болып өсіп,
Некесіз оңаша үйде тұрар болды.
Осылай көрінісі замананың,
Білгенше парасаттап қарағаным.
Ішінен керектісін сүзіп алшы,
Ұнатсаң көңіліңе қалағанын.
Шыр бітіп кей біреулер оңалмай жүр,
Арақтың шырмауынан шыға алмай жүр.
Еңбексіз қарамдықтың уын ішіп,
Кипәрә құрғақ сөзбен құса алмай жүр.
Заманның осылайша көрінісі,
Сырт жобасын байқасаң дені кісі.
Сүйіп-күйіп бір –бірімен қосылады,
Біраздасын байқалады жерігісі.
Биязы бола алмай тұр келіншектер,
Қазақша сөйлесуге шегіншектер.
Әуесқой көрінгенге біздің қазақ,
Бұларды билеп кетті-ау келімсектер.
Дәстүрі ата -салттың тозып кетті,
Сұм-сұрқия әуестік озып кетті.
Бар пенде ғаламдағы араласып,
Періште маңымыздан шошып кетті.
Бәрі бірдей емес-ау дені солай,
Ойлашы осы сөзім сізге қалай.
Қазақ деген атаудың аты қалып,
Дәстүріміз айналды орысты орай.
Қысқаша заманаға берген батам,
Көргенді ой қорытар келсе шамаң.
Ізгілік ар-намысты құлаққа сал,
Бар шығар үйіңізде балашағаң.
Секен шешен