Қарттар күніне

 

 

Тәңірім ғұмыр берсін қартгарыма,

Сіздерден ұрпақ өскен артгарыңда.

Отанның шаңырағы берікболсын,

Еске алған бұл қартгарын салттарына.

 

Ақ тілек бақыт жолы Ел басына,

Тілеймін ашықаспан баршасына.

Бұл кунде егеменді Қазақстан

Тілегін бір тәңірім қолдасында.

 

Қариясын қартдеп сыйлау халқымызда,

Ежеяден кдзақ ғұрпы салтымызда.

Қарияны құрмет етіп батасын ал,

Бұл әдет үлгі болсын жалпымызға.

 

Сапар экім қарттарын жинап отыр,

Азын аулақбарымен сыйлап отыр.

Ықыласқа ризаболған орыс-қазақ,

Әкімнің құрметті сөзін тыңдап отыр.

 

Көңілің құрметті сөзге марқаяды,

Жарлы болып жас өсіп қартаяды.

Қарттарым денің сау боп жасай берші,

Ұрпағың мейірім қылсын жан саяны.

 

Отан аман отбасы берік болсын,

Отандасқан көп ұлттар серік болсын.

Ел басы халқына ғадыл болып,

Айтқан сөзі үлгі өнеге көрік болсын.

 

Қариялар ақ сақалды елдің көркі,

Табиғат байлығымен жердің көркі.

Аналар ақжаулықгы алтын діңгек,

Өсірген ұрпағымен мұның көркі.

 

Қарттар күні жыл сайын аталып жүр,

Ел басының жарлығымен аталып тұр.

Жергілікті әкімдер құрмет қылып,

Қарттардан риза қылып бата алып жүр.

 

Қарттар-ау ұрпақтарың аман болсын,

Бейбітті елімізде заман болсын.

Ақсақалды қариялар елдің құты,

Ақжаулықгы аналар көңілі толсын.

 

Отанымыз, Ел басы аман болсын,

Ұрпақ өсіп жаннаттай заман болсын,

Қарттар коңілі марқайып сый құрметке,

Жақсы тілек осымен тәмам болсын.

 Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *