Қарттар күніне

 

Ассалаумұғалейкум, қариялар,

Өмірден сабақ алған дариялар.

Отаным қарттарым деп құрметтейді,

Отбасың аман болсын жанұялар.

 

Дәм беріп жылда осында шақырады,

Көрсетіп ән мен күй, сахнаны.

Жадырап жас өмірді еске аламыз,

Отаным қартын сыйлап сағынады.

 

Тәңірім ғұмыр берсін қарттарыма,

Сіздерден ұрпақ өскен арттарында.

Отанның шаңырағы берік болсын,

Еске алып бұл қарттарын салттарына.

 

Ақ тілек бақыт жолы Елбасына,

Тілеймін ашық аспан баршасына.

Бұл күнде егеменді Қазақстан,

Тілекті бір тәңірім қолдасын да.

 

Отан аман отбасы берік болсын,

Отандасқан көп ұлттар серік болсын.

Елбасы халқына ғаділ болып,

Айтқан сөзі үлгі-өнеге көрік болсын.

 

Қариялар ақсақалды елдің көркі,

Табиғат байлығымен жердің көркі.

Аналар ақ жаулықты алтын діңгек,

Өсірген ұрпағымен мұның көркі.

 

Қарттар-ау, ұрпақтарың аман болсын,

Бейбітті елімізде заман болсын.

Ақ сақалды қариялар елдің құты,

Ақ жаулықты аналар көғңлң толсын.

 

Отанымыз Елбасымен аман болсын,

Ұрпақ өсіп жәннаттай заман болсын.

Қарттар көңілі марқайып сый құрметке,

Жақсы тілек осымен тамам болсын.

 

Әкімдер ғұмырларың ұзақ болсын,

Қыз өріс, ұл ұяда тұрақ болсын.

Тілекті осыменен тамамдайық,

Бақ-дәулет, риыздық, нәсіп шырақ болсын.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *