Қариялар

Сөз шығар қазыналы қариядан,

Гауһар тас табылады дариядан.

Артында жақсылардың сөз қалады,

Қырандай қанат қаққан әр ұядан.

Сөз шығар кей адамның қиялынан,

Әрине жаппай емес зиялыдан.

Болмайды жанның бәрі дуалы ауыз,

Сөзіңнің байқатып бақ құнарынан.

Асыл сөз шам шырақ болып жанып тұрған,

Көңілге нұрдай сіңіп қанып тұрған.

Ешқашан мұндай сөзге құлақ салмас,

Надандық нәпсі жауың дүние қуған.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *