Жетпістің келіп екеуі.
Азайып дәмнің кенеуі.
Әр мүшеңде кемдік бар,
Кәрілікпен енген нешеуі.
Шашты қырау шалып тұр,
Миға хабар барып тұр.
Көздің нұры азайып,
Құлақ мүкіс налып тұр.
Тісте тозып мұқалық,
Сүйекте май жоқ жұқарып.
Хан жүрісі азаяр,
Тамырдың бәрі суалып.
Секен шешен