Кәрияның көкрегінде көзі болса,
Үлгілі айтатұғын сөзі болса.
Аңыз бен асыл сөзді алға тартып,
Халықты сүйсіндірер кезі болса.
Кәрияның төбесінде бұлақ болса,
Жанатын кеудесінде шырақ болса.
Кәусәрін ол халықтан аямаса,
Қауымда ұғатығын ұрпақ болса.
Кәрияның тыңдалмаған назы болса,
Бағалап білетұғын қазы болса.
Болмайды кәрияның бәрі бірдей,
Атаққа қосылмайды жасы толса.
Секен шешен