Өкініш орны толмас өтеді екен,
Арманы жүрегінде кетеді екен.
Талай жар қосыла алмай ғашығына,
Аңыз болып ұрпағына жетеді екен.
Оқысаң ғашықтардың қиссаларын,
Жүректе шер болып кеткен қайғы зарын.
Аңсаған арманына жете алмады-ау,
Ағымы солай болған замананың.
Заңсыздық надандыққа ерік берген,
Ешкім жоқ о дүниені көріп келген.
Қазақтың қараңғылық заманында,
Билікті қара күшке беріп келген.
Секен шешен