Қадір түні

 

 

Қадір түн оразаның қасиеті,

Күзетің Пайғамбардың өсиетің.

Дәрет пен намаз оқып отырамыз,

Халықтың тілек тілеу ақ ниеті.

 

Алладан не тілесең аясы кең,

Әр жолмен пендесіне ризығы тең.

Мұхаммед Пайғамбарым Елші болған,

Ақ ниет ақ тілекпен осыған сен.

 

Рамазан айы деп ораламыз,

Бес парыздың бірі деп ораламыз.

Адал еңбек ақ жолмен жүрейікші,

Махшарға біз ұялмай бара алмаймыз.

Қауым ел ниеттерің қабыл болсын,

Дертке шипа денсаулық тәуір болсын.

Адалдық та ғибадат боп саналады,

Ағайын бір-біріне бауыр болсын.

 

Дәм берген Қадір түнгі азаматтар,

Сіздерге үлкен сауап шапағат бар.

Отбасың жанұя да аман болсын,

Алланың нұры жаусын деген ат бар.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *