Шөженің жауабы


Содырлығымен аты шыққан жетісулық Тұрлыбек байдың ауылына бір күні Шөже келіпті. Зағип ақынға жолдастары байдың желісіне келіп қалдық, бұрылайық дейді. Сонда Шөже тура жүре беріңдер, не болса да жауабын өзім беремін дейді. Бұлардан жылқылары үркіп, иттері үріп, Шөже аттае құлап қалады. Сонда ашуланған бай құлап жатқан Шөжеге қылыш ала ұмтылады. Сонда Шөже:
Болмайды қайдан деуге қатер қауіп
Жығылдым дәулетіңе есім ауып,
Сен жүрген аспандағы ақ тұйғынсың
Мен жердегі бозторғаймын.
Не болар тоятыңыз маған шауып-деп Шөже шұбырта жөнеледі. Сонда мақтағанға көңілденген бай жуасып, үйіне әкеліп, қонақ етіп сыйлайды. Ертеңіне аттанарда бай ақынға кешегі өлеңіңді айтшы дейді. Сонда Шөже былай дейді.
Болмайды қайдан деуге қатер қауіп
Кеткен бе дәулетіңнен есің ауып,
Қылыш ала жүгірдің жығылғанға
Итпен ит боп еліріп, етек қауып-деп атын тебініп жүре беріпті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *