Ертеде Шоқай деген шешен болыпты. Жасы ұлғайып, бойынан қуат кетіп, кемпірі өліп, баласы мен келінінің қолына қарап қалады. Бір күні Шоқайға екі жігіт сәлем бере келеді. Хал-жайды сұрасқаннан кейін жігіттердің біреуі тұрып: Ата, дүниеде жетім нешеу?-деп сұрапты. Сонда Шоқай қарт:
Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім.
Жапырағынан айрылған тал жетім,
Кемпірінен айрылған шал жетім- деп жауап беріпті.