Уақ Керей Қозыбай деген кісі жер ауып Семейге кетейін деп жатқанда Батырхан дегеннің айтқан сөзі
Жақсыға жаманнан кесір
Ішіңнен жақсы кетсе елің жесір.
Өзі жақсы болмаған дұшпаныңа
Иіліп жібектей болып есіл.
Еліңде жақсы болса пайдасы тиер
Егер содырлы тентек болса найза тиер.
Кең қолтық қоғамшыл болсаң
Қадірлеп халқың сүйер.
Тосылмас жүйрік болмас
Шошынбас жүрек болмас.
Алыстан дәміңді тартса
Басыңда еркің болмас.
Қисық ағаш тезден мұхар
Дау сөзден мұхар.
Жақыннан шыққан жау жаман
өзінен өзі мұхар.
Ер жігітке тағынған шынжыр ар емес
Сол шынжырды сүйретпеген жігіт нар емес пе
Дәміңді шеттен жасаса да
Алла топырағыңды елден жазсын- деген екен.
Құлмағанбет қарттан жазып алған Секен 26.03.67.