Тілек

Келін келсін оңынан,

Ұрпақ келсін соңынан.

Риза болар ата-ене,

Құтты болған жолынан.

Құдаңыз болсын байсалды,

Құдағи терең ой салды.

Құтты болсын сыйластық,

Мыңжылдыққа сайланды.

Менің айтар тілегім,

Қуанышта болсын жүрегің.

Босағасы берік болып,

Шаңыраққа қонған түлегің.

Ашық аспан, нұрлы күн,

Ағайын-туыс бірлігін.

Бала мен келін басқарсын,

Ақ отаудың түндігін.

Ағайын қуанышқа ортақ болсын,

Досың көп дұшпандарың қорқақ болсын.

Адал бол қайда болсаң адамзаттар,

Әумин дедім басыңа бақ қонсын.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *