Тілекті сөздер

 

Ақ орда шаңырақтың берекесі,

Жас отау жалғасатын керегесі.

Ұл мен қыз бұл ордадан қанаттанған,

Ұлы той қазағымның өнегесі.

 

Тойға барсақ ақ тілек батамыз бар,

Өнегелі қазақтан атамыз бар.

Бір сөзді бәрің айтып жауыр қылма,

Миуалы жақсы сөзден атаңыздар.

 

Тойыңыз құтты болсын дабылдаған,

Бәйгеге тұлпар қалмас шабылмаған.

Ән мен күй тойыңыздың сәні болсын,

Жақсы сөз жақсы тілек бәрі саған.

 

Ұлы той ортақ болсын бәрімізге,

Кәрі жас құрбы құрдас сәнімізге.

Ақ тілек баталы сөз айтып жатар,

Періште «әмин» десе бәрі сізге.

 

Алланың нұры жаусын аспанынан,

Сөз оқы махаббаттың дастанынан.

Қос аққу махаббатың берік болсын,

Аллаға тәуба келтір қосқанынан.

 

Әке-ана қуанышың құтты болсын,

Қыз өріс ұлың қоныс көңілің толсын.

Келініңнің босағасы берік болып,

Бақыт құс шаңыраққа қыжыр қонсын.

 

Мың жылдық құдалар мен құдағилар,

Бұл сөздің мағынасындай сыйласыңдар.

Сіздерден ұл менен қыз тәрбие алып,

Жастарға оқып айтып жыйнассыңдар.

 

Кәрі жас тойға келген меймандарың,

Берекелік болсыншы жыйғандарың.

Мұндай той сіздерде де болып тұрсың,

Жақсы сөз жарым ырыс ыйлан жаным.

 

Сар жайлау сахараның қазағымыз,

Көп ұлтпен одандасқан одағымыз,.

Тілегін баршамызға ашық аспан,

Бірлікпен өсіп өнсін одағымыз.

Дүние үстін думан алтын сарай,

Дамыңдар ұрпағыңнан ұрпақ жарай.

Періште әмин десе бұл тілекке,

Тәңірден меймандардан тілек солай.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *