Бақыт-дәулет бітерде ырыс қонар.
Ынтымағы адамы дұрыс болар.
Баласы пайдакүнем болар.
Қызы қылықты келер, келіні епті келер.
Бірі оған болса, бірі бұған болар.
Көмектесіп қонақ аттандырар.
Көп көрініп жау қашырар.
Ит үреген келер.
Терлеген малы жүреген келер.
Адамы қырлы болар.
Малы түрлі болар.
Екінші нұсқасы
Бақыт-дәулет кетерде, ырыс қашар.
Біреуіне біреуі пәле салар.
Баласы пайдасыз келер.
Келіні керенау болар.
Ат мінсе, жайдақ болар.
Қатыны салақ болар.
Адамның қыры болмас.
Малының түрі болмас.
Иті үрмес. Терлеген малы жүрмес.
Құлмағамбет қарттан жазып алған Секен. 7.02.1967 ж.