Тойға баға


Той болса ауылыңда дабылдаған,
Ағайын көрші қалмас сабылмаған.
Барында тойларының ойнада күл,
Ол дәурен күнде саған табылмаған.

Той болса ауылыңда дуылдаған,
Қосылып кәрі мен жас шуылдаған.
Болмайды ол тойыңыз кем кетіксіз,
Әр жерде өсек сөзде суылдаған.

Әр адам өз мерейін қызықтаған,
Сараң бар ол қызықты жуытпаған.
Ойыңнан парасаттап баға берші,
Көңілдің қалауымен суытпаған.

Әр кімнің тойға деген тартуы бар,
Қара нарға қалы кілем артуы бар.
Адамның бас аяғы бірдей болмас,
Сөзіңде осы арада қаңқуы бар.
Ән мен күй тойыңыздың сәні болар,
Айтатын нақыл сөзді кәрі болса.
Надандар мәжілістің шырқын бұзбай,
Мейманың құрметіңе кәні болса.

Сараң болсаң сен тойды бере алмайсың,
Жұрттың көрген қызығын көре алмайсың.
Жатсаң тұрсаң көңілмен тиын санап,
Шығыны қайтпайды-ау деп сене алмайсың.

Кедей болсаң өтесің кіжінумен,
Қарын тоймай әрине ішінумен.
Ризық бар адамға бірдей емес,
Тәубә қылшы бұл жерде түсінумен.

Надан болсаң лепіріп,
Жалған сөйлеп бөсесің.
Біреуді даттап сөгесің,
Жинағанның қызығын көре алмай,
Исрап қылып төгесің.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *