Тасаттық дәмін берді Ақсуымда,
Үлгісі құт-береке жас буынға.
Мал сойып, құрбан қылып, жауын тілеп,
Жеріміз көктесін деп нұр суына.
Алладан ақ ниет пен тілегіміз,
Тасаттық құрбан ету ниетіміз.
Алланың аспанынан нұры жаусын,
Тілекті қабыл қылса құдіретіміз.
Тілекті қабыл қылса жасағаным,
Тасаттық садақа деп атағанын.
Жайылған бұл тілекке ей, әлеумет
Алладан қабыл болсын қалағаның.
Алланың нұры жаусын жерімізге,
Бақыт, байлық арнасын елімізге.
Ниетті садақаға тарылтпайық,
Әрқашан мейман болсын төріңізде.
Кеудеңе қонақтасын иманыңыз,
Ғибадат о дүниеге жиғаныңыз.
Сауда бер асадақаны сараң болма,
Мүпмин-ау осы сөзге иланыңыз.
Пендеміз дүниеге мейман болған,
Сауапаты әр тараудан жиған болған.
Ниетті бір Тәңірім қабыл қылса,
Сол сауап махшар күнге иман болған.
Арасы жер мен көктің тұрақ болсын,
Риыздық бір Алладан бұлақ болсын.
Тірінің риыздығы судай тасып,
Өткеннің жатқан жері жұмақ болсын.
Әлеумет ниеттерің қабыл болсын,
Тасаттық жылда осындай дабыл болсын.
Нұрына бір Тәңірдің бөленейік,
Елімде бірлік болып, бақыт қонсын.
Қол жайған тілек-тілеп жамағаттар,
Садақаны сауда бер деген ат бар.
Ниетіміз әрқащан дұрыс болсын,
Алладан сонда бізге шапағат бар.
Тілейік елімізге ашық аспан,
Бір Алла педесіне риыздық шашқан.
Тілегі кәрі-жастың қабыл болсын,
Мирасы ғибадатқа үлес қосқан.
Садақаң өмірдегі қол қайырың
Тілекке сауап алып қол жаюың.
Ықылас, ниетіңіз қабыл болсын.
Көңілі жадырасын бар хауымның.
Тамамдап сөзімізді түйіндесек
Ғибадатты мерекеге жиып десек.
Отбасы отанымыз аман болсын,
Әлеумет бір Аллаға сыйын десек.
Секен шешен