Сәби балаға ат қоюға бата

Ат қойдық азан айтып сәбиіңе,

Құт дарып қыдыр қонсын ақ үйіңе.

Сәбидің ғұмыр жасы ұзақ болсын,

Алланың бергені де бақ үйіне.

 

«Әмин» де ақ тілекке қолыңды жай,

Тусыншы алдыңнан күн, артыңнан ай.

Деген сөз қырықтың бірі қыдыр десе,

Атақты азамат болсын атына сай.

 

Сәби боп келген ұл мен қыз,

Болашақ ұрпақ арттағы із.

Қызығын солардың көрейік,

Ей, әлеумет сіз бен біз.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *