Сырым Мөңке бидікіне барады. Шай ішіп отырғанда Мөңке айтады: -Сырым, осы бір айлық ас неше кісіні өлтіреді?-дейді. –Бір ақ кісіні өлтіреді-дейді батыр. Шай құйып отырған 13 жасар қыз мырс етіп күліп жібереді. Аздан кейін Мөңке тағы Сырымнан: -Ер жігіттің неше жұрты бар?-деп сұрайды. Сонда Сырым: -Үш жұрты бар: Өз жұрты, қайын жұрты және нағашы жұрты –дейді. Қыз тағы күліп жібереді. Сонда Сырым:- Немене, қате айттым ба?-дейді. Мөңке: -Ана қарындасыңнан сұра-дейді. Қыз: -Аға, қате айттыңыз. Ер жігіттің бір ақ жұрты бар. Ол нағашы жұрты деген екен.