Сырым қонып отырған үйдің иесі шал да, келіншегі жас екен. Осыны байқаған Сырым : -Ойпырмау, Аққудың қасына жапалақ жараспайды екен-ау!-дейді жолдасына. Сонда сөздің төркінін түсіне қойған келіншек: — Сіз бір кезде тай жейтін Сырым едіңіз, енді қой жейтін Сырым болдыңыз. Әр нәрсе өз уақытында емес пе?-депті.
«Жұлдыз» 20.11.1965ж.