Сегіз би

Сегіз би бас қосқанда ел бұлардан өсиет естігісі келіп, Асан қайғы, Бұқар жырау артына сөз қалдырды, сіздерден де сөз қалсын депті. Сонда Сегізінің айтқан сөзі:

  1. Тоқсан би. Алдымызда бір заман келеді

Тауықтан азаншы болады.

Қатын базаршы болады.

Бесікте жатқан жас бала

Тиыш алмас мазасыз болады.

 

  1. Қ.Қ. : Сол уақытта мал жақсысы ешкі болар

Екі ешкі бір бесті болар.

Асық ойнап жүрген жас бала

Заң орнатып, есепші болар.

 

  1. Игілік : Көп сиырды тана билейді.

Көп халықты бала билейді.

Ол баланы пәле билейді.

 

  1. Қанай би: Бір күндері жақының кетер алыстап

Атпен де, хатпен де қатынасарсың

Бір күндері қайда кеткенін біле алмай

Арманда болып қаларсың.

 

  1. Бала би Досбол: Сол күндері білім тескен таудан өтер

Қонысың ел билеген билерім.

Бытырап кетсе көп елің,

Не болар сонда күйлерің.

 

  1. Алшын Қаражігіт: Сол күндегі жігіттерді

  Жақсы деп мақтап жүрерміз.

Ел басына іс түссе

Анықтап сонда білерміз.

 

  1. Сары Қырғыз Шорым би: Алдымыздағы күндерде

Әділ дұрыс таза сөз.

Етсуге көпке хат болар

Туысың кетіп алысқа, көре алмай

Біріне бірі жат болар.

Жаяменен жамбас жоқ,

Омыртқа менен жілік жоқ,

Турамшылмаған ет ас болар.

 

  1. Төле би: Осы айтқандарың рас болса,

Даладағы малды ұл алар.

Үйдегі барды қыз алар,

Ел билеген Төле би

Ұмасын басып бос қалар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *