Айдын шалқар көл суалса, сағада қалады
Тон жыртылса жағада қалады.
Кейінгі жастар өссе, кәрілер керексіз болып далада қалады.
***
Бағыты жоқ жүйріктен, үндемеген текті артық. Бақыты жоқ тұлпардан, жуан белді бесті артық. Арамнан келген түйеден , адалдан келген ешкі артық.
***
Таудан аққан тас бұлақ, ол да құяр теңізге
Бай баласы қуанар, қойдан туған егізге.
Жақсыдан туған жаман бар, ол да тартар негізге,
Жаманнан туған жақсы бар, ол да тартар негізге.
Бәйке қарттан жазып алған Секен. 13.12.1966 ж.