Пішпе тойға бата

 

 

Пішпе той немереңнің ат болғаны,

Той жасап көңіліңнің шат болғаны.

Ағайын қуанышқа ортақ болып,

Кәрі-жас мәжіліске шат болғаны.

 

Ән мен күй тойыңыздың сәні болсын,

Дәм ішкен меймандарың кәні болсын.

Құрметтеп мейман сыйлап, бата алдыңыз

Бақ-дәулет баянды боп сізге қонсын.

 

Немерең биыл барса мектебіне,

Білімге қол созуға жеткенінде,

Мектептен он екі жыл дәріс алып,

Білім мен ол ғылымға жеткенінде.

 

Орданың түн қазығы қос бәйтерек,

Ұрпағың өсіп-өнсін біздің тілек.

Той-думан ордаңызда болып тұрсын.

Айтылған меймандардың осы тілек.

 

Ағайын ел-жұртымыз аман болсын,

Бейбітті жер үстінде заман болсын,

Тойыңыз тойға қосып жалғасында

Жәннаттай ашық аспан заман болсын.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *