Оразада ауыз ашарға беретін бата

 

 

Ниетің қабыл болсын ауыз ашар

Сауабы ғибадаттың жолын ашар.

Мейманды риза қылып батасын ал,

Риыздығын ортаймасын судай тасар.

 

Құт келіп Қыдыр қонсын ордаңызға,

Ұл мен қыз өсіп-өнсін ортаңызда.

Атанып өнегелі бай-бәйбіше,

Батасы меймандардың ордаңызда.

 

Риыздықбір Алладан халқымызға,

Алланың нұры жаусын жалпымызға.

Кеудеңе мұсылмандықиман жина,

Ақ ниет мұсылмандық салтымызға.

 

Асыл сөз батадеген ниетіңе,

Мейманғаберген дәмнің құрметіңе.

Отыз кұн оразаңыз қабыл болсын,

Ғибадат Пайғамбардың сүннетіне.

Секен шешен

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *