Нәпсіге ерсең азасың

Нәпсіге ерсең азасың,

Өзіңе дозақ қазасың.

Фәнименен Бақида,

Тартқызады жазасын.

Моллалық құру өмір үшін,

Аят оқу көңіл үшін.

Садақа, зекет, бітірді,

Береді оны сенім үшін.

Біреудің алсаң батасын,

Сауапқа сен де батасың.

Ақылды жандар байыптап,

Түзетер еткен қатесін.

Біреуге етсең зұлымдық,

Болмайды ешбір тойымдық.

Қарғысы ауар басыңа,

Тозаққа сені жығылтып.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *