Немереге

Әркімнің ұяда өсер балапаны,

Ұшуға қанат қағып жарағаны.

Қатайып қанаттары беки берсін.

Әлемге самғап ұшар жарағаны.

 

Туған күн мүшел жас та мерейіңіз,

Ер жетіп, ұрпақ өсіп көбейіңіз.

Дәм беріп мейман сыйлап батасын ал,

Сараптап сөз теретін көмейіңіз.

 

Он үшке келген бүгін біздің Ақыл

Құрметтеп үлкендерді мейман шақыр.

Батасын қариялардың ала берші,

Азамат боп, бақытың судай тасыр.

 

Он үш жас алғашқы бұл мүшеліңіз,

Ер жетіп, азамат боп түзеліңіз.

Тәңірім денсаулық пен ғұмыр берсін,

Алладан біздің тілек жүрегіміз.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *