Наурыздың тойына арнап берген батам,
Қазақтың қариясы менің атам.
Алланың аспанынан нұры жаусын,
Риыздықты кемітпесін хақ тағалам.
Тойы көп қазағымның дархан елім,
Ақ тілек тойыңызға айтар едім.
Саржайлау сахараның қазағымыз,
Құшағын мейманына жайған елім.
«Әмин» деп қолыңды жай қазақ елім,
Көп ұлтпен отандасқан одақ елім.
Бұл күнде егеменді Қазақстан,
Бақыт, байлық орнасын саған елім.
Тойға келген кәрі-жас ағайындар,
Мәдениет ошағы сарайың бар.
Той тойлап қуанышқа бөленіңдер,
Қазақ елі атанған отаның бар.
Бақыт, байлық орнасын елімізге,
Алланың нұры жаусын жерімізге.
Қуаныш шаттықпенен той боп тұрсын,
Меймандар жиі болсын төріңізде.
Нұрсұлтан ел ағасы аман болсын,
Басыңа баянды боп бақыт қонсын.
Бозторғай қой үстіне жұмыртқалар,
Бейбітті жер үстінде заман болсын.
Рахмет қала, кент пен әкімдерге,
Еңбегін аямайтын туған елге.
Бұл тойда сіздерге арнап бата бердім,
Тастарың домаласын ылғи өрге.
Ақсудың кеншілері «Қазақалтын»,
Демеуші қаржыменен тойдың салтын.
Атынан меймандардың алғыс айттым,
Жүздерің әлеміңе болсын жарқын.
Отан берік, отбасы аман болсын,
Бейбітті жер үстінде заман болсын.
Той тойлап қуанышқа бөленейік,
Батамыз осыменен тамам болсын.
Секен шешен