Науан Хазірет Ақан серіден қияметтен не тілегің бар деп сұрайды. Сонда Ақанның айтқаны:
Құдай-ау, Есләмнің дінінде ғыл,
Идаят тұғырлық жолында ғыл,
Шәрбәтін бұл өлімнің татқан күні
Өтерімде рахмат жұма түнінде ғыл.
Тіріліп қабірдан бас көтергенде,
Есімін бір Алланың көңілімде ғыл.
Жақындап Періштелер келгенінде
Халімді мүшкіл қылмай жеңілдік қыл.
Мақшарда жақсы- жаман жиналғанда
Пайғамбарға үммәт болған қауымды ғыл,
Саясы жоқ шөлдейтін күн болғанда
Сусынымды кәусәр-кәусәр көліндей ғыл.
Ақ туын Пайғамбардың көтергенде
Саясын жырақ қылмай түбінде ғыл.