Нарымбек ақын мен Мәшһүр Жүсіп

Нарымбек ақын Мәшһүрден сұрайды

Жарлыққа не қайла жоқ болғандай,

Жалғыздыққа не қайла көп болғандай.

Алдымызда қиямет азабы тұр

Оған да бар ма қайла жоқ болғандай?

 

Мәшһүрдің шешуі:

Барыңа қанағат қыл тоқ болғандай,

Жалғыздыққа шүкірлік қыл көп болғандай.

Дүниеге дұрыс келіп, дұрыс қайтсаң

Азабы қияметтің жоқ болғандай.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *