Мәшһүр Жүсіптің сөзі

 

 

  Абай Мәшһүрдің айтқырлығын сырттай естіп, жанына жолдасын алып, оны іздеп келіпті. Мәшһүрдің үйіне кіріп, сәлем бермей отыра кетіпті. Мәшһүр кітап оқып отыр екен. Абайға бір қарапты да әйеліне қымыз әкел депті. Абай қолына қымызды ала беріп, Мәшһүрге: -Ей, жақсы жігіт, 8 жұмақ қайда, 7 тамұқ қайда, бір Алла қайда депті. Сонда Мәшһүр о дүниедегі 8 жұмақ, 7 тамұқты алла біледі. Жалғандағы 8 жұмақ оң жақ босағаң, 7 тамұқ сол жақ босағаң депті. Сонда Абай дәлелін айт депті. Мәшһүр айтады: -Алғаның жақсы болса, 8 жұмақ оң жақ босағаң, алғаның жаман болса, 7 тамұқ сол жақ босағаң депті. Менің құдайым кеудемде, сенің құдайыңды өзің білесің депті. Сондай Абай Мәшһүрді құшақтай алып, дұрыс айтасың, ғалымым депті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *