Мүсеттің сөзі 

 

Мүсет би дәулеті шағын кедей болыпты. Көбіне ел аралап кетеді екен. Бірде ауылында үлкен жиын болып, сонда Тұрлыбек шақыртып алып, Мүсетке ат атандырып, сүйек сындыртып болдың, үйіңде неге отырмайсың қаңғырмай деп ұрсады. Тұрлыбек сөйлеп болған соң Мәті де киіп кетеді. Сонда Мүсет Мәтіге сен жәйіңе отыр депті. Біреу қадірмен сөйлейді, біреу бергенімен сөйлейді. Сен неңмен сөйлеп отырсың, сен ат берсең, мінбедім бе, киім берсең, кимедім бе? Мен сол шаруам нашар болған соң ер аралап кетемін депті. Соның бәрін өзің тауып берсең мен үйден шықпаймын депті. Мәті үндемепті. Тұрлыбек Мәтіге қазір астыма бір ат бер, сосын күз бір соғым бер депті.  Үстіне бір қаптал шапан алып береді. Сонда отырған бір байдан шапанды алып отырып Мүсет қамзол қалтасыз болмайды, шапан қамқасыз болмайды депті. Сосын Тұрлыбек өзінің қаптал шапанын беріпті де, екі шапанды қолына алып тұрып Мүсет айтады: ат болды, қысқа соғым болды. Қаптал шапан болды, қима шапан болды. Енді тымақ пен етіктің жөнін құдай берер деп шығып кетеді. Сонда Тұрлыбек мынаған дауа болмас депті.

                                                    Нұрғали қарттан жазып алған Секен. 9.02.1967 ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *