Мысал

 

Бар дейді дүние соңы ақыр заман,

Өмірде кездеседі тақыр заман.

Біреу шат, біреу қапа бір Алладан,

Кім болсаң да тәубе қыл пақыр адам.

 

Қиямет қайымнан соң махшар дейді,

Бойыңды қарамдамай жақсар дейді.

Ғибадат, мейірім, рақым шапағат деп,

Моллалар Құран сөзін қақсар дейді.

 

Бес түрлі мойныңда бар парыз дейді,

Ораза, намаз өтелмесе қарыз дейді.

Қажылық байланысты дәулетіңе,

Жүзден бірі зекетке қарыз  дейді.

 

Сұрағың періштенің суал дейді

Иманды құл келтірмес күмән дейді.

Алла бір, Пайғамбарым Мұхаммед деп,

Дінім Ислам, кітабым  құран дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *